ГЛАВНАЯ Образцы планов Бастауыш сынып Дидактикалық материалдар

Дидактикалық материалдар

75
0

 

ӘЗІЛ АРАЛАС СҰРАҚТАР

 

Төмендегі сұрақтарға тиісті түрақты сөз тіркестерімен жауап беріңдер.

  1. Қар жана ма?
  2. Адамның төбесі аспанға жете ме?
  3. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
  4. Адамның қолы, аяғы түрлі түсте болып келе ме?
  5. Аузыңды бақ, көзіңе қара дейміз, ал мұрныңды бақ, құлағыңа қара деп айта ма? Адам өз көзіне өзі қалай қарай алады?
  6. Екі аяқ бір етікке сия ма?
  7. Жұмыстың аяғы бола ма?
  8. Бір қазанға симайтын қандай бастар?
  9. Мәселенің қабырғасы бола ма?
  10. Адамның қай жеріне нан піседі?
  11. Көз сатыла ма? Ол не деген сөз?

 

КІМ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНА АЛАДЫ?

 

Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдаланып, сөйлем құрау.

Аяғына отырғызбау. Қылшығы құрамау. Басыңнан сипамас. Ат ізін салмау. Шаш ал десе, бас алу. Ит тұмсығы өтпейтін. Көзі қызару. Қолын жылы суға малып отыру. Қол ұшын беру. Жең ұшынан жалғасу. Ұзын бөрік кигізу. Төрт көзі түгел. Қабағы ашылу. Қызыл тақия кигізу. Мойны жар бермеу. Тіс жармау. Бетінен қақпау. Басын бәйгеге тігу. Инедей қадалу. Құлақ қою.

 

ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП АЙТ

(лото ойыны)

 

Тұрақты сөз тіркесін кірістіріп сөйлем ойлау.

  1. Көз … 2. Тіл … 3. Мойны … 4. Іші … 5. Бас … 6. Қолы … 7. Көзі … 8. Місе … 9. Дәті … 10. Жақсы … 11. Құйып … 12. Жер … 13. Басын … 14. Үйтіп … 15. Жатып … 16. Салы … 17. Біреу ойға … 18. Түйе үстінен … 19. Бұлаң құйрыққа … 20. Күле кіріп …
  2. Ілу. 2. Әкелу. 3. Босау. 4. Жылу. 5. Тарту. 6. Жеңіл. 7. Қараю. 8. Тұтпау. 9. Шыдамау. 10. Аттану. 11. Қойғандай. 12. Бетінен жою. 13. Жұту. 14. Жеу. 15. Ішер. 16. Суға кету. 17. Біреу қырға. 18. Сирақ үйту. 19. Салу. 20. Күңірене шығу.

 

ТАУЫП АЙТ

 

Тұрақты сөз тіркесін кірістіріп сөйлем құрастыру.

  1. тай ұшты, нан күлу, ыңды балта кеспейді
  1. жұтқан, нің түгі бар, айну
  2. ге ілмеу, іне шөп салмау, і тоймау, ге күйік болмау, іне көк ала шыбын үймелету.
  3. ын шүйіру, ын көкке көтеру, ына су жетпеу, ындық болу.
  4. әлпеті қалай? Бір — өлең айтшы, ың жақсы екен. Көп – біріксе, бір  — жоқ болар (мақал). Қазан – ы жоғары.
  5. салу, беру, сату, інде тұру, ұстау, ге келу, ден қалу, Қаһарлы – қамал бұзады.

 

 

КІМ ДҰРЫС ТҮСІНДІРЕ АЛАДЫ?

 

Тұрақты сөз тіркесінің мәнін түсіндіріп, оларды сөйлем ішінде келтіріп айту.

Райынан қайту. Араға түсу. Қолды – аяққа тұрмау. Мойнын астынан келтіру. Сілтідей тыну. Шаңырағына қобыз ойнату. Емшек сүті ернінен кетпеген. Ана сүтін ақтау. Көмейіне тас тығылу. Теректі түбірінен қопару. Сөз бұйдаға салу. Қырғи қабақ болу. өкшеңді көтер. Бір елі ауызға екі елі қақпақ қою. Аузы ауыр. Мұрнының астындағыны көрмеу. Қой үстіне бозторғай жұмырқалау. Құлақ тігу. Ат өтті қылу. Көзі тоймау. Аузына құм құйылу. Қарасы өшу. Тілі бармау. Көкейіне қону. Тостағанын жуу (шаю). Іші пысу. Кенеше жабысу. Жұлдызы қарсы болу. Қытығына тию. Күлін  көкке ұшыру. Қол жұмсау. Түн ұйқысын төрт бөлу.

 

КІМ ТАУЫП ЖАЗА АЛАДЫ?

Мына мақал – мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар.

  1. Қолы қимылдағанның …
  2. Көп жасаған білмейді …
  3. Кәріге құрмет, …
  4. Біреуге ор қазба, …
  5. Жақсы қыз …

Жақсы жігіт …

 

ЖҰМБАҚ – МАҚАЛДАР

А) Мына мақалдардың баламасын тауып шешіңдер; Мұнда халық нені жек көріп, нені мақұлдайды?

Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты (аңқаулық, сенгіштік).

Көрмес – түйені де көрмес ( аңғармаушылық).

Кімнің тарысы піссе, соның тауығы ( жағымпаз қу).

Сыныққа сылтау.

Асықпаған артта қалады.

Бес саусақ бірдей емес.

Үй менікі демеңіз,

Үй артында кісі бар.

Темірді қызған кезде соқ.

Ә) Төмендегідей іс — әрекет, құбылыстар, ұғымдар қандай мақал – мәтелдермен бейнеленген?

Қырағылық, сақтық

(Жау жоқ деме, жар астында.)

Кіші пейілділік,                                Ұрлық, өтіріктің зияны.

Өнердің пайдасы.                   Ананың балаға деген мейірімі.

Өзімшілдік.                             Отанды сүю.

Еңбектің пайдасы.

Халықтың қырығылығы.

Оқудың оңайлықпен табылмайтындығы.

Сөздің күші.Тілдің құдіреттілігі.

Баланың жақсы ісі мен жаман ісі.

 

НЕНІҢ ТҮБІ НЕ?

Еңбек түбі не?                                            Тірлік түбі не?

Көптің түбі не?                                          Ұрлық түбі не?

Кәсіп түбі не?                                             Уайым түбі не?

Бейнет түбі не?                                          Тәуекел түбі не?

Ынтымақ түбі не?                                      Жортуыл түбі не?

 

АНАСЫ НЕ?

Сөз анасы не?                Су анасы не?                 Жол анасы не?

 

КІМ – НЕ? (ҚАНДАЙ?)

Ата не?       Ана не?       Бала не?     Аға не?       Іні не?

 

СӘНІ НЕ? СӘУЛЕТІ НЕ?

Жердің сәні не?             Ердің сәні не?                Елдің сәулеті не?

Көлдің сәулеті не?         Жауға беруге болмайтын ең асыл нәрсе не?

Қыс қайтіп (қалай) келеді?

 

КІМ БӘРІН БІЛЕДІ?

Бастаушы төмендегі заттардың суреті салынған қағазды тақтаға іледі де, осы заттарға байланысты айтылатын мақал – мәтелдерді кім біледі деп сұрайды. Бәрін білген бала мақтау алады.

Арба. Шана. Біз. Тау. От. Ауыз. Түйе. Сиыр. Қой. Ит. Тышқан.

 

КІМ ТАУЫП ОҚИ АЛАР ЕКЕН?

БЕ ҒАН ЛІ ӨЛ КЕ АШ
РЕ БАС, ДЕН КЕҢЕС ХА ТАН
КЕ ПІШ РЕ ЕЛ ПАЙ МЕС +
ЖЕР ТОЗ ПЕС + КЕҢІ ЛЫҚ ҚЫЛ
МЕ БЕК АЙТ КЕҢ ҚАЛТ АЗ
КЕТ ЕЛ ХА БАС + ДЫ + НЕН
ЛЫҚ ТЫН СА, ӨЗ ЕЛ ТОН
ДЫ БАР ПАЙ ІШІ АДАС + ӨЗ
АЙТ ДЕ САҢ БЕСІК + ДЕ АҒАМ +
АЙТ НЫС МЕН ЖЕР ТҮЛ АЛ
Адас БАР + ЕЛ ҚО КІ ОРЫС

 

Жоғарыда сызықтарға ел-халық туралы сегіз мақал жазылған. Сызық бойымен жүргізе отырып, сол мақалдарды кім оқи алар екен?

 

ӘЗІЛ АРАЛАС СҰРАҚТАР

Мақалбай атаның төмендегі сұрақтарына мақал – мәтелмен жауап беріңдер.

  1. Сиырдың сүті қай жерінде?
  2. Қарғыстың ең жаманы не?
  3. Қандай бала сүйкімді?
  4. Жігітті шал деген жөн бе?
  5. Тастың жеңілі бола ма?
  6. Кімнің көзі үлкен? Кімнің сөзі үлкен?
  7. Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі?
  8. Кім аңдамайды? Кім тыңдамайды?
  9. Ананың сүті мен баланың сүті бірдей дейді. Сонда қалай?
  10. Өтірікші кімді алдайды?
  11. Кімге жан жуымайды?
  12. Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?

 

КІМ КІДІРМЕЙ ТАБАДЫ?

 

Бір құрмалас сөйлемнен құралған мақал                            жерде

шығу үшін берілген шеңберге 4 хорда

сызып, сөздерді сол хордалар бойынша

оқып шығу керек. Сонда қай сөзден

бастап оқуға болады? Не деген мақал              тар                                    кең

шығады?

 

 

 

Отырасың, отырсаң

 

КІМ ТАУЫП ОҚИ АЛАДЫ?

Ғ П Қ А Қ А
С   Н
А А
Н Р
А Қ
Р А М А М Л

 

Мына шаршыда бір мақал жазылған. Оны сағат стрелкасының бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Сонда қай әріптен бастап оқу керек? Ол не мақал?

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЙ ЖАҚ ТЕЗ ОРЫНДАЙ АЛАДЫ?

 

Екі жаққа бөлінген балаларға екі – екіден төрт мақал – мәтел жазу тапсырылады.

1) Әр сөзі  е  әрпінен басталған үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал:

Е….е……е

2) Әр сөзі  б  әрпінен басталған төрт сөзден тұратын адамның қасиеттері туралы бір мақал: Б………………..б…………………….б………………….б

1) Әр сөзі  к  әрпінен басталатын екі сөзден құралған тәлім – тәрбие туралы бір мақал: К………………….к…………………

2) Әр сөзі  ж  әрпінен басталатын үш сөзден құралған бірлік – батырлық туралы бір мақал: Ж…………….ж…………………ж…………..

 

 

«ЛОТО» ОЙЫНЫ?

 

1

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры

2

Тәні саудың жаны сау

3

Нөсер алдында нажағай ойнар

4

Жері байдың елі бай

5

Қотыр қолдан жұғады

6

Сәуір болмай, тәуір болмас

7

Ананың сүті — бал

8

Жер тоймай, ел тоймайды

9

Шегіткеден қорыққан егін екпес

10

Ерлі – зайыпты тату болса, шырағы жанар

11

Қыстың қамын жаз ойла

12

Балық жеген ет сұрамайды

 

МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР ЖӘНЕ ЕМЛЕ

  1. Асты сызылған сөздердің түбірін тауып, жазылуын түсіндіріңдер.

Ұлға отыз үйден тыю.

Ой түбінде алтын бар,

Ойлай берсең, табарсың.

Оқу – білім бұлағы.

Оқу түбі – тоқу.

Мұнда сызықша не үшін қойылған?

  1. Қайсысы қайда жазылады? Бөлек пе, бірге ме?

Оқы……… біл

Ойна………күл

Ойна ………жұмысты ………..қойма.

Өтіріктің құйрығы………….тұтам.

Керекті сөздер: да, бар – ақ, бірақ.

  1. Жақшадағы сөздердің қайсысы жазылады? Оның мәнісі қалай?

Айтпас жерде аузыңды ……..

Қышынбас жерде қолыңды………….

(ти, тый)

Үндемеген ит ……..  (хабар, қабар)

Неден ….. болса, содан қатер.

Жақсы тауып сойлейді,

Жаман……сойлейді (қауып, қауіп).

  1. Қалай жазылады: бөлек пе, бірге ме?

Жақсының үйі (мен) түзі бірдей.

Бала (мен) ойнасаң күлерсің.

Еңбек ет (те) міндет ет.

  1. Тиісті қосымшасын тауып жазып, жазылуын түсіндір.

Құс аяған көк …. қарар.

Тентек шоқпаржи ……

Жаман …. әлі жапалақ …… келеді.

Жаман …. ат ….. құлағаны да жаман.

Ат шап….., бап шап……. .

ЕКІНШІ СЫҢАРЫН ТАУЫП АЙТЫҢДАР.

КІМ ЖЫЛДАМ ТАБАР ЕКЕН?

 

Бастаушы тақтаға қос сөздердің бірінші сыңарларын қатарлап жазады. Екінші сыңарларын оқушы өздері тауып айтады. Жылдам әрі дұрыс орындап шыққан балалар жеңді деп есептеледі.

1) дос                   2) жігіт-                                   3) әмпей-

сана-                               қыз-                                        тым-

ат-                                   шал-                                       егжей-

-ант-                                шапан-                                    бытықы-

ас-                                   кемпір-                                   атау-

қару-                               ақсақ-                                     далдың-

сән-                                 қора-                                      алапай-

кескін-                             арық-                                      ымы-

ілік-                                 қант-                                       алда-

қиын-                              әуре-                                       қым-

апалы-                            сан-                                         қылтың-

 

Керекті сөздер: шабыр, желең, шақпыт, қырқын, сарсаң, кере, тырақай, ғуыт, тон, келбет, шатыс, су, жаран.

 

ЖАУАП ТАУЫП ЖАЗЫҢДАР

  1. Нанды неден пісіреді?
  2. Айранды неден жасайды?
  3. Оқушылар ненің моднлін жасайды?
  4. Жазушы немен жазады?
  5. Машина қайда жасалады?
  6. Пионерлер неден тарады?
  7. Қандай бас неге тыным бермейді?

ҚОСЫМШАЛАРЫН ТАУЫП ЖАЗ

  1. Ақыл жас ұлан ….

Жүйрік тай – құнан …

(мақал)

  1. Баулыған партия күніміз,

Отан …. жан қияр ұлымыз.

Аттан сап, қойсақ лап, уралап,

Көк …. өрлер дауылпаз үніміз.

(«Отан» деген өлеінен)

 

ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ АТТАРЫН ТАУЫП ЖАЗЫҢДАР

  1. «Бір адамға» өлеңінің авторы.
  2. «Азат жетті» өлеңінің авторының фамилиясы.
  3. «Сауыншы жеңгейдің жыры» өлеңінің авторының фамилиясы.
  4. «Қос алқа» күйін шығарған халық композиторы.
  5. «Қазақстан» өлеңінің авторы.
  6. «Әже әлдиі» әнін шығарған композитор.
  7. «Анама» әнінің музыкасын жазған композитор.
  8. «Паровоз» деген ән шығарған әнші композитор.
  9. «16 қыз» әнін келістіре орындайтын әнші композитор, оның шығарған бір әнінің аты.
  10. Күлдіргі, қиын рольдерді көп орындаған артист аты – жөні.

 

КІМ ТАПСА СОЛ ТАҚТАҒА ЖАЗАДЫ

Бастаушының сөзі:                                  Балалардың жауабы:

халық                                                         халықаралық

кәсіп                                                           кәсіпорын

кәсіп                                                           өнеркәсіп

ара                                                             арасалмақ

түстік                                                          оңтүстік

шет                                                             ……….

еңбек                                                          ……….

шек                                                             ……….

шикі                                                           ……….

ас                                                                ………

бас                                                              ………

әлде                                                            ………

сыпыра                                                      ………

әр                                                               ………

көз                                                              ………

 

ӘЗІЛ – ШЫНЫ АРАЛАС СҰРАҚТАР

  1. Түйеге жұрнақ жалғанса,кім болады?
  2. Өнерге не қосылса өнер иесі болады?
  3. Қалжыңға бас қосылса, әуеске қой қосылса, қандай түбір болады?
  4. Құлыншақ пен ұрыншақ жұрнақтары ұқсас, мағыналары қалай?
  5. Әзілге оспақ тіркессе, қалай жазылады?
  6. Күнбағардың түбірі нешеу?
  7. Сыбай мен сығайдың сыңарларын тауып жазыңдар.
  8. Бозбала мен бой жеткеннің жазылуда айырмашылығы бар ма?
  9. Жұрнақсызда жұрнақ бар ма?

 

ЕСТЕРІҢДЕ САҚТАҢДАР

Бастаушы төмендегідей сөздерді тақтаға жазады да: — оқып шығып, жазылуын естеріңде сақтаңдар, жазғанда жаңылыспайтын болыңдар, — деп тапсырады.

Өнертабыс. Менмендік. Ендігәрі. Ұр да, жық. Фоторепортер. Өнеркәсіп. Белбала. Бірсәрі. Жер жүзілік. Бәрі – бір. Айгөлек. Артиллерия. Бес аспан. Жыланбауыр. Ақ көңіл. Бас салу. Алабөтен. Жиһанкез. Шайшөп. Авияклуб. Бет алыс. Рақмет. Аққұлақ. Алты атар. Алма – кезек. Күнпейіс. Таңертең. Жанталас. Жанкүйер. Эксплуатация. Қолқанат. Жолбасшы. Жүсіпбек. Ұланбайтақ. Әшмүшка. Аласапыран. Ара – тұра. Мәшһүр.

 

Кейбір сөздерді кірістіріп ауызша сөйлем құратуға тапсырады.

Жазылуы қиындау басқа сөздер алуға да болады, мұнда мысал үшін беріліп отыр.

 

ЕСЕП. 10 СӨЗ

  1. Әр и әрпімен басталатын 10 сөз – зат есім – тауып жазыңдар. Оның біріншісі бір әріптен, екіншісі екі әріптен, үшіншісі үш әріптен т.т. Сондай, оныншысы он әріптен құралған сөздер болсын. Сөздерді бірінің астына бірін қатарлап жазыңдар.
  2. Көлденең шақпақтарға төмендегі

ұғымдардың аттарын жазыңдар.

  1. Дерексіз бір ұғымның аты.      1
  2. Адамның туыстық атауы. 2
  3. Заттық үғымды білдіретін қимыл аты. 3
  4. Абайдың әйелінің аты. 5. аңның атауы. 4
  5. Табиғат құбылысы аты. 7. Металл аты.

Осыларды дұрыс тауып жазсаңдар, қарамен 5

сызылған тік жолда солардың жалпы атын             6

білдіретін грамматикалық термин шығады.

7

 

 

БІЗДІҢ ОЙЫН ОСЫНДАЙ

К әрпінен басталып, сол к әрпіне аяқталатын зат есімдер тауып, берілген шақпақты кім тез толдтыра алады?

  1. 1, 2, 3, 4 және 5 буыннан құралған бес зат есім.
  2. Құрамында 3 а дыбысы келетін бірнеше сөз тауып

жазыңдар.

  1. Сызықшаның орнына тиісті әріп қойып, әр жолға                                  бір зат есімнен жазыңдар, берілген әріп өз

Орнында қалсын.

А) т — — — — — т

т — — — т

т – т

— т –

т — — — т

т — — — — — т

ә) н — — — — —                 — — — н — —                          — е – е – е

— н — — — —                     — — н — — —                          — е – е – е

— — н — —  —                    — н — — — —                          — е – е – е

— — — н — —                     н — — — — —                          — е – е – е

— — —  — н —                    б) — е – е – е                    — е – е – е

— — — — — н                     — е – е – е                        — е – е – е

— — —  — н —                    — е – е – е                        — е – е – е

 

НЕШЕУІ ЖАЛПЫ ЕСІМ, НЕШЕУІ ЖАЛҚЫ ЕСІМ

Төмендегі үзіндіде қанша жалпы есім, қанша жалпы есім бар? Олар қай жалғауда қолданылған? Бұл үзінді кімнің қай шығармасынан алынғанын да ойлап көріңдер.

Көкшенің кеудесіне шығып, көлемін шолғанда көзіме көп өлке ілікті.

Азат – аяқ астында,                                   Торайғыр – тұстасы;

Сырымбет – сырық сілтер жерде;              Көксеңгір – көршісі;

Жыланды – жанында;                                Ереймен  — ерулісі;

Бұқпа – баурында;                                     Баян – бауыры;

Айыртау – аясында;                                   Қарұаралы – құдасы;

Имантау – иығында;                                  Ортау – одақтасы;

Сандықтау – сағасында;                            Ұлытау – ұйымдасы;

Ақан – ағайыны;                                        Қаратау – қайыны;

Зеренді – замандасы;                                 Алатау – ағасы;

Шортан – шөбересі;                                   Алтай – атасы…

Мұндағы жалқы есімдер ненің аттары?

 

ТАУЫП АЙТЫҢДАР

а) Төмендегі мақалдардың зат есімдерді тауып айтыңдар.

  1. Ер елінде

Гүл жерінде.

  1. Әдепсіз бала —

Аяққа басылған шала.

  1. Саусағы ұзын биші болар,

Құлағы ұзын күйші болар.

  1. Ынтымақтың түбі – игілік.

Тірліктің түбі – бірлік.

  1. Нөсер алдында нажағай ойнайды.
  2. Ашу – дұшпан, ақыл – дос,

Ақылыңа ақыл қос.

  1. мәстек жүріс көтермейді.

ә) Мына зат есімдер қандай мақалдарда кездесетін еді?

  1. Оқу білім.
  2. Асыл, өнер.
  3. Жаныңды, сырыңды.
  4. Өнер, тіл.
  5. Ел, бесік.

 

ТЕРІП ЖАЗЫП ТҮСІНДІРІҢДЕР

Бастаушы төмендегі сөйлемдерді жайлап оқып тұрады. Ойынға қатысушылар ондағы септік жалғаулы сөздерді теріп жазып алады да, олардың қайсысы қай септеудегі сөз екенін тауып, жалғауын түсіндіреді.

  1. Апама жездем сай

(мәтел)

  1. Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

(Абай)

  1. Жекен жерінде көгерер,

Ер елінде көгерер.

(Мақал)

  1. Отанын сатқан оңбас

(Мақал)

  1. Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарай сөз алма.

  1. Арғын, найман жиылса,

Таңырқаған сөзіме.

  1. Сырмақ қып астына

Байының тоқымын

Бүксітіп,

Бықсытып,

Қоқсытып келтірді.

(Абай)

 

ӨЗДЕРІҢ ОЙЛАП ЖАЗЫҢДАР

  1. Одақтас республикалардың аттары мен астаналары.
  2. Алматыдағы театр аттары.
  3. Еліміздегі футбол командасының аттары.
  4. Балаларға апналған газет, журнал аттары.
  5. Елімізге әйгілі пионер лагерінің аттары.
  6. Барлық космонавтардың аты, фамилиясы.
  7. Дина Нұрпейісованың күйлері.
  8. Е. Брусиловскийдің опералары.
  9. С. Бегалиннің шығармалары.

 

БІР СЫН ЕСІМГЕ КӨП ЗАТ ЕСІМ

Мынадай үлгіде бір сын есімге көп зат есім таууып айту керек.

 

 

 

 

 

Қызық

 

 

 

 

 

 

КӨП СЫН ЕСІМГЕ БІР ЗАТ ЕСІМ

 

 

 

ӘН

 

 

 

 

ОЙЛАП ТАП

  1. Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жазыңдар.

өнерпаз                                                      (сөйлем)

түйінді                                                        (шопан)

жасанды                                                     (бала)

басыңқы                                                     (суретші)

әуесқой                                                       (ой)

таңдаулы                                                    (адам)

сөзшең                                                        (торқа)

  1. Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбыстарына ұқсас дыбыстан басталатын сын есімдер ойлап тап.

Үлгі: Өнерлі өрен.

Мұхит, сарай, өрен, шал., күн, көше, күй, еңбек, талап, көңіл.

  1. Мына сипат кімге, неге тән? Тапқыр, сапалы, қыран, ұялшақ, өтімді, ұшқыр, секпіл, жайдары, тұнық, көңіл.
  2. Төмендегі тіркестерде берілген сын есімдердің антонимдерін қолданып айтып бер. Ашық күн. Жаңа өмір. Ұнамды кейіпкер. Тіл алғыш бала. Жуас жылқы. Терең көл.
  3. Мына сипат қай малға тең?

Тебеген …                                         Тістеуік ….

Сүзеген …                                         Қалың шудалы…..

Үркек …..                                          Ай мүйізді……

Жібек жүнді……                                Сүтті……

Күлте жалды…….                              Жүндес…….

 

СЫН ЕСІМ ТҮРЛЕРІ

Құрамына қарай Мағынасына қарай
Жалаң Күрделі Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Негізгі Туынды
       

 

КІМ ТЕЗ ТАЛДАЙ АЛАДЫ?

Төмендегі үзіндідегі сын есімдерді тауып, құрамына, мағынасына қарай талдаңдар. Кім тез талдап шықса, сол алға шығып оқып береді.

Балқарағайдың көк бұйра бүрлі ұзын бойын Көксеген күндіз көргенде қызықтай қуанатын …. Елсіз тау, үнсіз орман қараңғы түнде қорқыныш тәрізді … Ол өзі томырық, қызғаншақтау кісі еді. Жап – жас баланың жаратылыс өзгешеліктеріне сонша зер салып, ғылми адамша қарастыруы сезімтал, сергек ойдың барлығын, әр нәрсеге ойлана, құнттай қарайтындық белгісін айқындай түсті. Жасыл дала жайната керген көк жасыл кілемдей құлпырады. Таңдаған жерді алып, тәртіпті орталық орнатып, мол егіндікке тұқым шашқан жаңа жұртшылық социалистік келешекке сәт тіледі.

(С. Бегалин)

ЖАСЫРЫНҒАН СӨЗ

1              
2            
3              
4            
5              
6            
7            

Төменде берілген сөздерден туынды сын есім жасап, шақпақты толтырып жазыңдар. Егер тиісті жұрнақтарын дұрыс қолданып жазып шықсаңдар, қарамен сызылған жолды тігінен оқығанда, грамматикалық бір терминнің атауы шығады.

Берілген сөздер: 1. Ағаш. 2. Айт. 3. Жаса. 4. Сөз. 5. Бәкі. 6. Кең. 7. Бүр.

 

 

БІЛСЕҢДЕР АЙТА ҚОЙЫҢДАР

  1. Қара – қызыл; түкті – түксіз; басты, мүйізді, кеуделі, санды, қанатты, ізді, тірсекті деген сын есімдер қай жұмбақтарда кездесетін еді?
  2. Бейнетсіз, семіздің – семіз, тату, талапты, өнерлі деген сын есімдер қай мақалдарда кездесетін еді?
  3. Төмендегі жұмбақтарды шешіп, ондағы сын есімдерді табыңдар. Олар заттың қандай белгісін білдіріп тұр?

1) Үй үстінде ұсақ тас.

2) Көк күшігім көкке қарап ұлиды.

3) Аттан биік, иттен аласа.

4) Апан – ұпан, ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз.

5) Белі бүкір, алысқа түкір.

6) Жайса көлдей, жиса жеңдей.

7) Екі басы жұдырықтай, ортасы қылдырықтай.

8) Басы қалпақтай, бойы құрықтай.

9) Сын есім тіркесімен аталатын республикамыздағы қала, тау, көл аттары?

10) Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмашылығы?

11) Сапалық сын есім мен зат есім тіркескен бес мысал, қатыстық сын есім мен зат есім тіркескен бес мысал ойлап айтыңдар.

 

ҚАЙСЫСЫ ҚАЙ СЫН ЕСІМ?

(негізгі, туынды, дара, күрделі)

Сәулетті, сәнді, тұрмысты,

Байлығың шалқар шалқыған.

Ақ пейіл азат ырысты,

Айналдым туған халқымнан.

 

КІМ БҰРЫН ОРЫНДАСА СОЛ ЖЕҢУШІ БОЛАДЫ

Бастаушы төмендегі сөздермен синонимдес, сонан соң қарсы мәнді сөздер тауып, берілген үлгі бойынша екі баған сызып шығуды тапсырады. Кім бұрын, әрі дұрыс орындаса, сол жеңуші болады.

 

Берілген сөз Синонимдес сөз Қарсы мәнді сөз
Семіз

Ну

Икемсіз

Қу

Жасырын

Тентек

Қораш

Сабырлы

Жомарт

Нақұрыс

Мол

Дөрекі

Ақ жарқын

Таза (су)

өжет

шебер

ашық ауыз

сыр мінез

әпер бақан

жан күйер

   

 

АНТОНИМДІ ТАУЫП ЖАЗ

 

 

 

 

 

 

 

Б
А
Ж
Л
Е
Й
С
Г
Й
А
А
Е
Қ
К
Ы
Л
З
П
Е
Д
А

 

Бос клеткаға берілген сөзбен әріп саны бірдей қарсы мәнді сөздер тауып жазыңдар.

 

СЫН ЕСІМДЕР ТІЗБЕГІ

1     7  
  4      
    5    
         
2 3      
      6  
  1. Заттың сапасын білдіретін сын есім.
  2. Малдың түсін білдіретін сын есім.
  3. Заттың аумағын білдіретін сын есім.
  4. Заттың көлемін білдіретін сын есім.
  5. Заттың сипатын білдіретін сын есім.
  6. Заттың дәмін білдіретін сын есім.
  7. Заттың иісін білдіретін сын есім

 

ЖАСЫРЫНҒАН БУЫНДАРДЫ ТАБЫҢДАР

Толық жазғанда сын есім сөздер шығатын болсын.

 

  ПАҚ
  ПАҚ
  ПАҚ
  ПАҚ
  ТАҚ
  ТАҚ
  ТАҚ
  ТАҚ

 

  ТЫҚ
  ТЫҚ
  ТЫҚ
  ТЫҚ
  ТЫҚ
  ТЫҚ
  ТЫҚ
  ТЫҚ

 

КІМ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ?

Мына түстер қай малға тән екенін айтып, тиісті графаға қосу белгісімен көрсетіңдер.

Малдың түсі қой ешкі сиыр жылқы түйе
Ала

Ақ

Қара

Қара ала

Көк

Көк ала

Қызыл

Қызыл ала

Сары

Сары ала

Жирен

Боз

Торы

Кер

Қара кер

Ақтан кер

Құла

Құла кер

Қоңыр

Шабдар

Бөрте

Шұбар

Тарлан

Бурыл

Тарғыл

Сұр

Күрең

Қасқа

Құба

Құбақан

Ақ жал

Ақ бақай

Ор ауыз

Ор

Кер кекіл

Жағал

         

 

Өздерің тағы қандай мал түсін білесіңдер?

Түсті білдіретін сын есімдер қай малға көбірек қолданылады екен?

Өздерің оқыған батырлар жырында қай батырдың қандай аты бар екен, естеріңе түсіріңдерші?

 

ЕКІ СҰРАҚ

  1. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса Құла кер қайда деймін? – деген өлең жолындағы қарамен жазылған сөздер қандай мағына береді? Қай малға тән?

  1. Айыр тұяқты мал көп пе, дөңгелек тұяқты мал көп пе? Лоарды тағы қалай атайды?

 

СҰРАҚ ЖӘНЕ ТАПСЫРМА

  1. Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім?
  2. Сан есімдердің қай түрі лоардың түбірі болып есептеледі? Мысалмен дәлелдеңдер.
  3. Қосарлану арқылы жасалатын сан есімдері атап, мысал келтіріңдер.
  4. Белгілі бір сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын сан есімнің қай түрі екенін кім айта алады?
  5. Мына сан есімдер қай мақалдарда қолданылады?

А) алтау, төртеу; ә) алтау, бесеу;                                                              б) бір – ақ;                   в) қырық (қыңыр) бір

  1. Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысында іс машинасы, шахмат, дойбы қай сан есімдермен жасырылған?
  2. Мына сан есімдер қай жұмбақтарда кездесетін еді?

А) екеуі, төртеуі, біреуі;                             ә) мың, бір.

  1. Керекті сан есімдерді көп нүктенің орнына қоцып жазыңдар.

… қазық, …желі, ….ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса.

Атадан …..,

Анадан…..,

Жалғыздық көрген жерім жоқ..

(Абай)

… – көк балдырған, … – қурай,

… жерге қосыла ма қыс пен жаз.

(Абай)

Керекті сөздер: сегіз, қос, екі, төртеу, алтау, бір, бірі, біреуі.

  1. Сандық мәні мен жазғандағы әріп саны бірдей сан есімді кім айта алады?
  2. Жазғанда әріп саны ең аз және ең көп болып келетін қай дара сан есімдер? Жазып көрсетіңдер.
  3. Бес әріппен жазылып, бір цифрмен таңбаланатын қай сан есім?
  4. Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім екенін жазып көрсетіңдер.
  5. Екі буынды дара сан есімдердің соңғы буынын алып тастаса, бұйрық етістік шығады. Олар қай сан есімдер?
  6. Бірінші сөзі сан есім болып келетін адам аттарын білдіретін біріккен сөздерде қандай сан есімдер қолданылады? Күрделі сан есімдер қолданыла ма? Айтып көріңдер.
  7. 10 – нан 20 – ға дейінгі сан есімдердің қазақша айтылуы мен орысша айтылуында қандай айырмашылық барын салыстырып байқаңдаршы!
  8. Сөйлем ішінде сан есімдер зат есімнен кейін қолданыла ма?
  9. Сыңар, жалқы, жалғыз сөздері қай сан есіммен синонимдес? Қос, егіз сөздері ше? Сөйлем құрап не өздерің білетін жұмбақ, мақалдардан мысал айтыңдар.
  10. Нөмірлегендегі таңбасы мен жазғандағы әріп саны бірдей болып келетін қай сан есімдер?
  11. Сандық мәні көп болса да, буыны бірге тең қай сандар?
  12. Әрі зат есім, әрі етістік мағынасында қолданылатын қай сан есім?
  13. Бірден миллиардқа дейінгі сан есімдердің жетеуі бір буынды, он екісі 2 буынды, үшеуі 3 буынды болып келеді екен. Олар қай сан есімдер? Жинақтау сан есімі көптеле ме? « Алтау ала болса, ауыздағы кетер» деген мақалдағы алтау сөзінің орнына тоғыз, он сандарын қойып айтса, қалай айтылады? Төрттен үш, үш ширек, бір жарым дегендер дара сан есім бола ма, күрделі сан есім бола ма?

 

«БІРДЕН ТОҒЫЗҒА ДЕЙІН ЖӘНЕ ҚЫРЫҚ» ОЙЫНЫ

Бірден тоғызға дейін және қырық сан есімдері арқылы жасалған біріккен сөздер тауып жазу. Олар мынадай болсын: Естайдың бір әні, мезгілдік үстеу, геометриялық сызық, арифметикада қолданылатын әрекеттер, мылтық, ойын, жұлдыз, омыртқа сүйек, балаларға арналған ертегі және жәндік аты.

 

ОЙЛАП КӨРІҢДЕР

Төмендегі сөздер жеке тұрғанда қандай ұғым білдіреді, сан есіммен және басқа сөздермен тіркесіп сөйлем құрамына келгенде қандай ұғым білдіреді екен, ойлап көріңдер.

Елі, сүйем, қарыс, уыс, құшақ, құлаш, тұтамғ кісі бойы, адым, табан.

Бір елі ауызға екі елі қақпақ.

 

Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан,

Ол – ісі қанқұмардың қарғыс атқан.

Елім – бай, бақшам – жеміс, жер-суым – мол,

Бір сүйем тілемейміз жерді жаттан.

 

Астыңда бедеуі бар алты құлаш.

 

Етектейін еріннің

Екі елісі қалыпты,

Қиған қамыс құлақтан

Бір тұтамы қалыпты,

Жалбыраған жалыннан

Жалғыз қарыс қалыпты,

Бір құлаштай құйрықтан

Бір уыстай қалыпты.

 

Қара арғымақ қартайса,

Қарға адым жер мұң болар.

 

ҚАЙСЫСЫ ЕСІМДІК?

Төменде қарамен жазылған сөздердің қайсысы есімдік, қайсысы басқа сөз табы?

  1. Қайсар жолдан кесе-көлденең бұрылып, сол жаққа қарай жөнеп берді.
  2. Әйтеуір, сол қыз бір сұлу.
  3. Сол қол. Сол тізе.

 

ТАПСЫРМА

Есімдіктерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.

Көкек өз атын өзі шақырады.

Өзім білем деген өрге баспас.

Түлкінің қызылдылығы,

Өзінің соры.

Сен бұтаны көтерсең,

Сені бұта көтереді.

Бақыр қазан қайнаса,

Бәріміздің бағымыз.

Әркім тапқанын теке қояды.

 

МҰНЫ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

  1. Біз есімдігі бір жұмбақта 4 рет, екіншісінде өз есімдігі 2 қайталап келеді. Ол қандай жұмбақтар?
  2. Сөйлем ішінде қатарынан қанша есімдік қолдануға болады?

Кімді көрсем,

Мен сонан …

(Абай)

Өздерің мысал ойлап айтыңдар.

  1. Сұрау есімдігі сөйлемде қатыстық мағынада қолданылатынын білесіңдер ме? Мысал ойлап айт.
  2. Бірінші сөзі жіктеу есімдігі болып келегн ән аттарын, олардың сөзі мен әні кімдердікі екенін айтып бере аласыңба№
  3. Есімдіктерді тауып, түр – түріне айырыңдар.

Сол жайында Сәулемен бәрі кеңесіп отыр екен, олар маған сіз мұны қалай дейсіз, осы реальный ма деп еді, мен гениальный дедім. Неменең не сенің?

  1. Төмендегі үзіндідегі есімдіктер қай жалғауда тұрғанын айтыңдар.

А) Менің менім «мен» емес –

Мыңның «мені» олған соң.

Ә) …. оның үстінен қараушылар да, оған бұйырушыларда көп. Ол бәрінен де кіші, одан барлықтары үлкен. Ол бәріне де бағынуға тиіс. Оның алдындағы міндеті – бағына білу. Сол міндетін орындау үшін оны алдымен өзіне өзін бағындыра білу керек. Біреуге өне бойы бағыну оңай емес. Өзіңе өзіңді ұдайы бағындырып алу одан да қиын.

 

БҰЛ ДА ҚЫЗЫҚ

1
Е

Есімдік деген сөздердің құрамында қанша әріп болса, есімдікткрдің түрлері де сонша. Енді сендер мына тапсырманы орындаңдар; шақпаққа мыналарды жазыңдар:

С
2
  • Жіктеу есімдігі.
3
І
  • Сілтеу есімдігі.
4
5
6
М
  • Сұрау есімдігі.
Д
  • Өздік есімдігі.
І
  • Белгісіздік есімдігі.
7
К
  • Болымсыздық есімдігі.
  1. Жалпылау есімдігі.

Сонда сызықтағыдай есімдік деген сөз шығатын болсын.

 

БҰЛ ҚАЙ ЕСІМДІКТЕР?

  1. Етікші аспабының бірімен ұқаса есімдік – есімдіктің қай түрі?
  2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамйды.
  3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.
  4. Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікке қарамайды.

  1. Біреулері көрсетіп, нұсқап тұрады,

Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданылады.

  1. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.
  2. Тәуелдегенде: л орнына н келеді, олай етпесе, сөз мағынасы өзгереді.

 

ӘЗІЛ АРАЛАС СҰРАҚТАР

  1. Жылтың – жылтың деген қос сөз екенін білесіңдер, ал –қылтым, -ғылтым, — шылтым, -шілтім ше?
  2. Мына бір екі сөз (аң, қай) қай сөз табына жатады? Бірге жазылса қай сөз твбы болар еді? Егер бұлар жеке-жеке жұрнақ қызметінде қолданылса, қай сөз табына тән жұрнақ болады?
  3. Мендегі және сендегі н-ды, ң-ға, олдағы л-ды н-ға алмастырса, мен қалай болам, сен қалай боласың, ол қалай болады? Олар қай сөз табына ауысады?
  4. Қанша қашан болғысы келеді. Қайткенде ол қашан болады?
  5. Төмендегі сан есімдердің қайсысы көп? Неліктен?

Елулеген, елу, елуге тарта, елу шақты, елулерде, елулеп.

  1. Қорқақ пен үркек қорқып, үркіп жүргенде, неменені түсіріп алыпты?

 

ЕТІСТІК

ТЕЗ ТАУЫП, БӨГЕЛМЕЙ АЙТЫҢДАР

Жел. Күн. Найзағай. Қой. Қоңырау. Мен. Палуандар. Радио. Тапсырма. Кино. Жиын.

 

СИНОНИМДЕРДІ ТАП

Төмендегі етістіктердің синонимдерін тап.

Ақылдасу. Көркейген. Танысу. Дидарласу. Өскен. Сауығу.

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ЕСТЕРІҢДЕ МЕ?

Мына етістіктер қай мақал – мәтелдерде кездесетін еді?

Болсаң, бол. Сөкпе, төкпе. Жабылса, табылады. Берсең де, берме. Болмай, болмас. Міссе, иір. Ексең, ішерсің. Ойнап, ойлап.

Төмендегі мақалдардың баяндауышын тауып айтыңдар. Олар қай сөз табы болады?

Отты үрлеген … Шындықты іздеген….

Мал баққанға …

Бақ келді деп…. Жау келді деп…

Бұл мақалдардың әрқайсысында қанша етістік бар?

 

ҚАЙ ДЫБЫС ЖЕТПЕЙ ТҰР?

Негізгі етістік болу үшін мына буындарға қай дыбыс жетпей тұр?

Ша – ша, шы – шы, та – та, е – е, а – а, о – ы, то – та, бе – і.

 

СӨЙЛЕМ ҚҰРАП ЖАЗЫҢДАР

Төмендегі сөздерді бірде болымсыз етістік, бірде зат есім мағынасында қолданып, сөйлем құрап жазыңдар.

Мазмұндама. Көрме. Желдірме. Терме. Қойма. Қоспа.

 

СҰРАҚ ЖӘНЕ ТАПСЫРМА

  1. Ма, ме, ба, бе, па, пе буындарына аяқталған сөздердің бәрі болымсыз етістік бола бере ме?
  2. Болымсыз етістік пен сол тұлғалас зат есімдерді бірінен бірін дауыс екпіні жағынан айыруға бола ма?
  3. Жүгірме, жүгір; Сенбе, сен деген етістіктер қай мақалдарда қолданылатын еді?
  4. Абайдың «Жасымда ғылым бар деп…» деген өлеңін жатқа айтып беріңдер де, ондағы болымсыз етістіктерді көрсетіңдер.
  5. Болымсыз етістік тұлғасында қолданылатын грамматикалық терминдерді кім біледі?
  6. Болымсыз етістік жұрнақсыз жасала ма? Онда қандай сөздер тіркесу арқылы жасалады? Мысалмен дәлелдеңдер.

Айт, кел, жүргіз етістіктерінен екі түрлі жолмен болымсыз етістік жасап айтыңдар.

 

БОЛЫМСЫЗДЫ БОЛЫМДЫҒА АЙНАЛДЫРЫҢДАР

Төмендегі өлең тіркесіндегі болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырып, өлеңді оқып көріңдер. Бұл етістіктердің болымды түрі қалай айтылады?

Ақ дәрігердей көрінбей,                            Үйрек ұшып, қаз қонбай,

Үйдің сәні келмейді.                                  Көлдің сәні келмейді.

Шым ораулы болмаса,                               Қызыл – жасыл киінбей,

Шидің сәні келмейді.                                 Қыздың сәні келмейді.

Егескен жауын мұқатпай,                          Қыз бозбала жиынбай,

Ердің сәні келмейді.                                  Жырдың сәні келмейді.

Қара жерден қар кетпей,

Көк орай шалғын шөп өспей,

Жердің сәні келмейді.

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ

БАРЛЫҚ ШАҚҚА

Етістіктер жазып, оларды барлық шаққа жарыса жіктеуді тапсырады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де, екі топтан екі бала кезекпен шығып, жекеше, көпше түрде жарыса жіктейді. 1-бала жекеше түрін айтқанда, 2-бала іле – шала көпше түрән айтуы керек. Әр етістікті жіктеуге екі баладан шығып жалғастыра береді. Берілген етістіктің барлығын дұрыс жаңылмай жіктеп шыққан жағы ұтады. Шақ түрлерін оқушылар жаңылмау үшін таблицамен пайдалануға да болады.

 

ТАБЛИЦА

Етістіктің шақтарының таблицасын пайдаланып, шақ көрсеткіштері мен жақ көрсеткіштерін айырыңдар, қай шақта қандай жұрнақтар жалғанатынын айтыңдар.

Етістіктің шақтары Шақ көрсеткіші Жақ көрсеткіші Ескерту
Осы шақ

1.     Нақты осы шақ

2.     Ауыспалы осы шақ

Келер шақ

1.     Болжалды

2.     Мақсатты

 

 

3.     Аыспалы

 

Өткен шақ

1.     Жедел

 

2.     Бұрынғы

А)

 

Ә)

Б)

 

 

3. Ауыспалы

 

 

-а, -е, -й

 

 

-ар, -ер, -р

-мақ (-мек)

-бақ (-бек)

-пақ (-пек)

-а, -е, -й

 

 

-ды (-ді)

-ты (-ті)

 

-ған (-ген)

-қан (-кен)

-ып (-іп)

-ған (-ген), -қан

(-кен), -ып (-іп),

-п

-а, (-тын),

-е,(-тін)

-й, (-тын),

-й, (-тін)

 

 

Жіктік жалғаулары

»

 

 

»

»

 

 

»

 

 

»

 

 

 

»

»

»

 

 

 

»

 

ІІІ жақ жалғанбайды

 

 

 

 

»

 

 

»

 

 

 

 

 

 

»

 

»

 

 

 

»

 

 

КЕЛЕР ШАҚТЫҚ 15 ЕТІСТІК

Абайдың 12 жолдық бір өлеңінде келер шақтық 15 етістік қолданылған. Ол ақынның қай өлеңі. Ондағы етістіктер келер шақтың қай түрі екенін анықтаңдар.

  1. Дабылыңнан оянғанмын,

Жарығыңнан ой алғанмын,

Тамырыңнан таралғанмын,

Жалыныңнан жаралғанмын,

Жүрегімнен өшпейтін от:

Ленинград – Ленинград!

(Ә. Тәжібаев)

Жығылсам да жүгірумен өтемін,

Аяңшының ақылын мен не етермін,

Жығылармын, алқынармын, шаршармын,

Барар жерге бұрынырақ жетермін.

(Қ. Аманжолов)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь