Қазақ әдебиеті
(аптасына 1 сағаттан 34 сағат)
9-сынып
Қазақ әдебиеті 9 сынып
| № | Тақырыбы | Сағат саны | Мерзімі | Мазмұны |
| І тоқсан – 9 сағат | ||||
| 1. | Кіріспе | 1 | Сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастық. Әдебиеттің көркем шындықты жинақтап көрсетудегі өзіндік ерекшелігі. | |
| Халық ауыз әдебиеті – 7 сағат | ||||
| 2. | Халық ауыз әдебиеті және оның туу, пайда болу жолдары | Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен ерекшелігі. | ||
| 3. | Тұрмыс-салт жырлары | Тұрмыс-салт жырларының халық өмірімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен байланысы және ежелгі дәуірлердегі бабалар дүниетанымы. | ||
| 4. | Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді | Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының халық тарихымен байланысы. Қамбар батыр бейнесі. | ||
| 5. | Лиро-эпостық жырлар | Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі. | ||
| 6. | «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді | |||
| 7. | Айтыс. | Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Айтыстың драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. | ||
| 8. | «Біржан мен Сара» айтысы | |||
| 9. | Сыныптан тыс оқу | |||
| ІІ тоқсан – 8 сағат | ||||
| Ежелгі дәуір әдебиеті – 1 сағат | ||||
| 1. | Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы» | Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы. | ||
| XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы – 2 сағат | ||||
| 2. | Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол» жырлары | Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мәні. «Еділ бол да, Жайық бол» жырындағы адамгершілік мәселелерінің көркем жинақталуы. | ||
| 3. | Бұқар жырау. «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» толғаулары | Бұқар жырау Қалқаманұлы өмірі туралы соңғы деректер. Бұқар шығармаларының көркемдік-эстетикалық мәні. | ||
| ХІХ ғасыр әдебиеті – 6 сағат | ||||
| 4. | Махамбет Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай» | ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдай. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Махамбет шығармаларындағы ақындық «мен». Махамбет жырларындағы Исатай батыр образы. | ||
| 5. | Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры» | Нысанбай Жаманқұлұлының өмірі мен жыраулық өнері. Оның ұлт-азаттық көтеріліс туралы «Кенесары – Наурызбай» жыры және ондағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. | ||
| 6. | Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі» (үзінді) | Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы екендігі. Ыстықкөлдің табиғаты мен сол жерді мекендеген халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін суреттеуі. | ||
| 7. | Шығармашылық жұмыс | |||
| 8. | Ыбырай Алтынсарин. «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» | Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге, жақсы мінез-құлыққа үйретуге мән беруі. | ||
| ІІІ тоқсан –10сағат | ||||
| 1. | Абай Құнанбайұлы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі | Абайдың өмірі мен шығармашылығы. «Әуелден бір суық мұз ақыл зерек» өлеңіндегі адамгершілік жайындағы философиялық ой толғау. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. | ||
| 2. | Абай Құнанбайұлы. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі | |||
| ХХ ғасыр әдебиеті – 10 сағат | ||||
| 3. | Жамбыл Жабаев. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері | «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына ақынның қарсылығы, жан күйзелісі, жастарға деген жанашырлығы. Басқа тілдерге аударылуы. | ||
| 4. | Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы | Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. «Түркістан» өлеңіндегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш сезімі. «Батыр Баян» поэмасының тарихи-әлеуметтік негізі. Абылай хан, Батыр Баян бейнелерін даралап сомдауы. | ||
| 5. | Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді) | Ақынның өмірі, шығармашылық жолы. | ||
| 6. | Мұхтар Әуезов | М.Әуезовтің шығармашылық жолы. Романның жанрлық ерекшелігі. Шығарманың сюжеті мен композициясы. Роман – эпопеяда суреттелетін Абайдың азаматтық, ақындық келбеті және замана бейнесі. Романның тараулары, пейзаж бен портрет, тартыс және мінез. Шығармада суреттелетін қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары. | ||
| 7. | Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы | |||
| 8. | Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді (І томнан) | |||
| 9. | Ғабит Мүсірепов. «Боранды түнде» (әңгіме) | Боранды түннің сипаты. Әңгімедегі негізгі кейіпкер – Қайсар және оған тән қажырлылық, табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. | ||
| 10. | Сыныптан тыс оқу | |||
| ІV тоқсан –7 сағат | ||||
| 1. | Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді | І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем бейнелеп көрсетуі. | ||
| 2. | Тәкен Әлімқұлов. «Қараой» әңгімесі | «Қараой» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы. Әңгімедегі образдар жүйесі | ||
| 3. | Мұқағали Мақатаев. «Райымбек, Райымбек!» поэмасы | М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны. «Райымбек, Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы. | ||
| Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті – 2 сағат | ||||
| 4. | Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті | Ақын-жазушыларымыз өз шығармаларында тәуелсіздік жеңістерін, сондай-ақ егемендікті нығайту үшін күресіп жүрген адамдар тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың әр бағытта ой толғап, әр алуан тақырыптарға қалам тартуы. | ||
| 5. | Шығармашылық жұмыс | |||
| 6. | Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті | |||
| 7 | Қорытынды сабақ | |||
| Барлығы | 34 | |||

ПЕРЕЙТИ ПО ССЫЛКЕ